16.09.2024, 21:00
Оқылды: 47

АЭС: Теректіде үгіт-насихат тобы өкілдерінің қатысуымен жиын өтті

Биыл елімізде энергетикалық болашақ үшін шешуші кезең болмақ. Нақтырақ тарқатсақ, атом электр станциясын салу мәселесі жан-жақты талқылануда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 6 қазанда АЭС құрылысы бойынша ұлттық референдум өтетінін хабарлады.

IMG-20240916-WA0037

Референдумды елдің стратегиялық нақты шешімдерге келудегі жұртшылықтың пікірін ескеріп, ойымен санасу бағытындағы жасалған қадам десек те болады. Бұл таңдау Қазақстанның энергетикалық болашағын айқындайтын маңызды шешім болары анық деп есептейміз.

IMG-20240916-WA0041

Бүгін Теректі ауданының үгіт-насихат тобының мүшелері Мирхат Ибраев пен Әлжан Нұрғалиев тұрғындар мен аудан жастарының алдында АЭС салудың оң тұстарын талқылады. Жүздесуге жиналған жастар өз пікірлерін ортаға салып, қолдайтындарын жеткізді.

Мирхат Мақсотұлының айтуынша, қазіргі заманауи технологиялар энергияны көп қажет еткендіктен энергия көздерін зерттеу бүгінде маңызды бола түсуде. Әлжан Жақсыгерейұлы да қоғамның қозғаушы күштері, яғни жастар тарапы мұны саралап, электр энергиясына деген сұраныстың күн санап артып жатқанын түсіну қажет деген ойын білдірді.

Ақтілек Әлібекұлы,
Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале