17.09.2024, 13:00
Оқылды: 26

«Жайлы мектеп» жобасы: Бөрліде жаңа үш мектеп салынады

Ақсай қаласының №3 ЖОББ мектебінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша жиын өтті.

6C6BBD42-68FD-462A-91E4-6CF868011C10

Жиынды «AMANAT» партиясы Бөрлі аудандық филиалының мектеп бастауыш партия ұйымының төрағасы Ғұмар Әжіғалиев ұйымдастырды.

Кездесуге мектеп мұғалімдері мен қызметкерлер қатысты. Жиын барысында Жолдауда айтылған барлық мәселелер талқыланды. Соның ішінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру және әлеуметтік мәртебесін көтеру, Президенттің тапсырмасымен іске асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы туралы да әңгіме қозғалды.

E13A2591-11AE-48E3-BA0F-458C74ABD210

Халықтың көбеюіне байланысты ауданымызға жаңа мектептердің керектігі бәрімізге белгілі. Ауданда орналасқан кей мектептердің ғимараты өте ескі болса, енді бірінде бала санының өте көп екені бірнеше жылдан бері айтылып келе жатқан мәселе. Бұл еліміздің барлық облыс, елді мекендерінде болып отырған жағдай. Тіпті апаттық ғимараттарда оқып жатқан балалар қаншама.

Осы жағдайларды шешу үшін Президенттің тапсырмасымен жаңа мектептер салу қолға алынған болатын. Бұл мәселенің шешімі ретінде 2023 жылы елімізде «Жайлы мектеп» атты пилоттық жоба іске қосылды. Аталған жобаның мақсаты – 2026 жылға дейін елімізде 400-ден астам жаңа мектеп салу.

Нақтырақ айтсақ, ауданда «Жайлы мектеп» жобасы бойынша үш мектеп салынады. Олар №1 ЖОББМ және Пугачев ауылдық округтерінде 300 орындық, 13-шағынауданда 900 орындық мектеп.

Жиын барысында ауданымыздағы балалардың көбеюіне байланысты жаңа мектептердің ауадай қажеттігі айтылды. Қатысушылар мектептердің заманауи түрде салынып, жақын уақытта пайдалануға берілсе екен деген пікірде.

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале