«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәліметінше, алдағы күндері кең ауқымды антициклон Қазақстан территориясының көп бөлігін қамтиды. Сол себепті жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп жазды Qazaqstantv.
Мамандардың айтуынша, 19 қыркүйекте 2-5 градусқа дейін үсік жүреді. Республика бойынша жел күшейеді.
Түнгі және таңертеңгі сағаттарда елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында тұман болады.