Электр станцияларында 4,7 млн тонна көмір қоры бар. ҚР энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов оның өзіндік нормативі болатынын атап өтті.
Сурет: ОКҚ
Егер көмір өндіретін мекемелер электр станцияларына 200 км жақын болса, онда он тәуліктік, ал одан алыстау болса, 20 тәуліктік қор болуы керек. Бүгінгі күні осы қорлар жиналып жатыр. Бұл норматив жылыту маусымы басталғаннан жұмыс істейді.
«Қыркүйек айында барлық мекемелер қор жинауға дайын, жалпы 90%-нда бұл қор жиналған. 3-4 мекемеде бұл жұмыстар жалғасуда. Мазутпен қамтамасыз ету де бақылауда. Бүгінгі күні 90 мың тоннаға жуық мазут бар», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.