18.09.2024, 17:30
Оқылды: 38

Ақжайықта халықтық штаб мүшелері студенттермен кездесті

АЭС салуды қолдау жөніндегі Ақжайық аудандық халықтық штабы жұртшылықпен жүздесуді жалғастырып жатыр.

BF9DE868-BE28-48B9-A702-299EC4039AEB

Штаб мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Әсел Ерментаева Ақжайық агралық-техникалық колледжінің студенттерімен кездесіп, әңгімелесті.

Алдымен ол жалпыұлттық референдумның ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз етудегі, мемлекет келешегін айқындауда халықтың қатысуы тұрғысында маңызын атап өтті.

Бүгінде еліміздің оңтүстік аймақтарында электр энергиясының тапшылығы айрықша сезіле бастағаны айқын. Қазіргі қолданыстағы жүйелер аталмыш өңірлердің электр қуатына сұранысын қамтамасыз ете алмай отыр. Демек, әлемнің озық елдері игілігін көріп отырған баламалы қуат көзін өндіретін стансаны елімізде салатын уақыт келді. Әрине, мұндай маңызды шешім көпшіліктің тек басым қалауымен ғана қабылдануы тиіс.

Сондықтан байтағымызда АЭС орнауы туралы мәселеде түпкілікті жауапты халық бере алады. Осындай дерек-дәйектерді келтірген аудандық мәслихат депутаты ғылым мен экономиканы дамыту үшін АЭС-тің қажеттігін түсіндірді.  

«Энергетика министрлігінің мәліметінше, атом энергетикасы Қазақстан үшін негізгі энергия көзіне айналып, энергетикалық жүйенің тұрақты дамуына ықпал ете алады. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы АЭС құрылысының отандық бизнестің дамуына қуатты серпін беретінін, мұндай стансаның тұрақты энергиямен қамтамасыз ететін негізгі көз болып табылатынын атап көрсетті. Қазіргі уақытта Қазақстанда электр энергиясын өндірудің негізгі көзі көмірмен жұмыс істейтін зауыттар екені рас. Олардың үлесіне елдегі өндірілетін электр энергиясының шамамен 70 пайызы тиесілі. Электр энергиясын тұтынудың жылдық өсімі үш пайызды құрайды, бұл ретте стансалардың көпшілігі тозған. Болжам бойынша, 2035 жылға қарай Қазақстанда электр қуатын тұтыну 152,4 миллиард киловатт-сағатқа жетеді, ал жұмыс істеп тұрған стансалар бар болғаны 135 миллиард киловатт-сағат өндіруге қауқарлы. Бүгінгі таңда электр қуатының тапшылығы Ресейден сатып алып отырған сағатына 1 миллиард киловатпен өтелуде. Бұл үшін Қазақстан 20 миллиард теңге төлеп отыр. Бұл өз кезегінде, энергетикалық тәуелділікке және елдің энергетикалық нарығының қауіпсіздігінің төмендеуіне әкеледі», - деді ол.

Әсел Сағын

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале