19.09.2024, 17:00
Оқылды: 32

Бөкей ордасының әкімі бисендіктермен кездесті

Бөкей ордасы ауданының басшысы Бисен ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Бұл шараға аудандық мәслихаттың төрағасы Лариса Қайырғалиева, округ әкімі Кенжебек Құрмашев, түрлі мекеме басшылары қатысты.

25823A99-5AA9-4AF7-A9BD-2C7F556BC5D6

Ашық диалог форматында бастау алған кездесуде аудан әкімі Нұрлыбек Жасқайратұлы аудан көлемінде атқарылған іс-шаралар пен жүзеге асырылған жобалар жөнінде тарқатып айтты.

Бұдан соң ауыл тұрғындары сөз алып, толғандырып жүрген мәселелері бойынша сауалдарын жолдады.

F6E07D93-83B5-4ECF-B01B-84C237802E1F

Айта кетелік, бисендіктер аудан басшысы бастаған өкілдерге жекелей келіп те мәселелерін ашық айтты. Көтерілген сұрақтар сан алуан.

Көпшілігін тұрғын үй мәселесі, баспана кезегі мен тұрақты жұмыс саласына қатысты мәселелер толғандырады екен.

Арайлым Есмағұлова

Бөкей ордасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале