Сурет: freepik.com
Референдум – еліміз үшін маңызды қадам. Қандай қадам десеңіз, болашақ мәселелерді халықпен бірге шешудің жолы. Бұл жолда билік халықтың ойымен, пікірімен, көзқарасымен санасады. Референдум арқылы халықтың үнін тыңдай отырып, осындай өзекті мәселелерді шешуде маңызы зор деп есептеймін. Заңнаманың осы принциптеріне негізделіп, биыл 2024 жылдың 6 қазанында республикалық референдум өткізілетін болады. Референдумда дауыс берушілерге сұрақ беріледі, оған «иә», немесе «жоқ» деп жауап бересіз. Конституциялық референдум өткізуге аз ғана уақыт қалды. Ел тарихындағы елеулі оқиғаға бейжай қарамай белсенді қатысу – әрбір азаматтың басты борышы. Себебі бұл бүгінгі Қазақстанның ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды сәт. Сол себепті мен барлық аудан сайлаушыларына референдумға қатысып, өз таңдауларыңызды жасауға шақырамын.
Рәзия Сариева
Жәнібек аудандық №148 учаскелік референдум комиссиясының төрайымы