19.09.2024, 21:00
Оқылды: 129

Бәйтеректе электронды темекіні заңсыз сатқан тұрғын ұсталды

Бәйтерек ауданындағы Приурал полиция бөлімінің қызметкерлері тыйым салынған электронды темекіні заңсыз сатумен айналысқан 20 жастағы тұрғынды ұстады. Бұл туралы БҚО ПД-ның баспасөз қызметі мәлім етті.

727D7B5B-784A-4CA4-96F9-48745718AA11

Суреттер: БҚО ПД

Ол өзінің заңсыз әрекетін сақтандыру дүңгіршегінде жүзеге асырды. Жеке тінту кезінде одан тоғыз электронды темекі табылып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу басталды.

3F092A2B-0052-4BB2-8A63-C5180F521BF2

Еске сала кетейік, шекпейтін темекі өнімдерін, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтарды сатқандар мен таратқандарға 200 АЕК (738 400 теңгеге дейін) мөлшерінде айыппұл салынады не сол мөлшерде түзеу жұмысына, не болмаса 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады немесе 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынатын болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале