23.09.2024, 9:45
Оқылды: 63

Отандық авторлардың аудиокітаптары «Air Astana» әуе компаниясының жолаушыларына қолжетімді болады

Елордада ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «KitapTime – 2024» ІІІ жалпы республикалық кітап фестивалі өтті.

D8B65D5D-DDC3-4B19-BA86-94F339BAB262

Суреттер: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Іс-шараның маңызды оқиғасы Ұлттық академиялық кітапхана мен «Air Astana» әуе компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуы болды.

Ынтымақтастық нәтижесінде әуе компаниясының ұшағында ұшу кезінде жолаушыларға тыңдау үшін қызықты ұлттық аудиоконтент ұсынылады.

Бұл күні республиканың барлық аймағындағы 4 000-ға жуық кітапханаларда отандық ірі баспалар, кітап дүкендерінің қатысуымен 1 845 іс-шара ұйымдастырылды. Оларға 60 мыңға жуық адам қатысты.

CBBAEA4E-CA37-4D83-9348-118B8D25039B

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда кітап оқу мен кітап шығарудың ел болашағы үшін маңыздылығына тоқталып, шын мәнінде, кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады деп атап өткені белгілі. Осы орайда үшінші рет ұйымдастырылып отырған фестиваль кітап пен кітап оқудың мәртебесін көтеру, жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, жазушылар мен оқырмандар үшін қарым-қатынас алаңын құруды көздейді», - деді ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Али.

Сондай-ақ фестивальге келген қонақтар «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» әлеуметтік акциясына қолдау көрсету мақсатында түрлі жанрдағы кітаптар сыйға тартты. Айта кетейік, биыл елордада өткен кітап фестивалі ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының 20 жылдығына арналды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале