23.09.2024, 10:30
Оқылды: 65

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығында 300 мыңнан астам ата-ана тіркелді

​​«Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының мәліметі бойынша, 300 мыңнан астам пайдаланушы Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығында тіркелген. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

BD8E6100-9179-40D8-ABA4-A1F9C483BA71

Сурет: Оқу-ағарту министрлігі

Еске сала кетейік, бұл орталықтар өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап еліміздің барлық білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жұмыс істей бастады. Бағдарламаның басты басымдығы — балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектеп арасындағы өзара байланысты нығайту, сондай-ақ позитивті ата-ана мәдениетін дамыту.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале