23.09.2024, 15:45
Оқылды: 63

ІІМ жаңа оқу жылында жастар арасында есірткі қылмысының алдын алуды күшейтті

Жаңа оқу жылында полицейлер есірткі қылмысының алдын алуды күшейтті. Негізгі мақсат – есірткінің таралуын болдырмау және нашақорлар санын азайту, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОЛИЦИЯ ЖП (жаңа)

Есірткінің зияны және олардың салдары туралы білу есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыруға көмектеседі. Қыркүйек айынан бастап оқу орындары мен қоғамдық ұйымдарда 850 профилактикалық іс-шара өткізілді. Бұл жұмыс 35 мың адамды қамтыды.

Жастар бұл бағыттағы іс-шараларда белсенділік танытып келеді. Оқушылар мен студенттер салауатты өмір салтын қолдайды.

– Есірткі қылмысының алдын алу – бұл білім беру мекемелерінің, ата-аналардың, қоғамдық ұйымдардың және жастардың бірігуін қажет ететін ортақ міндет. Оқу жылының басталуы – болашақ туралы ойлануға және жаман мен жақсыны саралауға мүмкіндік беретін сәт. Бірлесіп қана біз есірткісіз сау қоғам құра аламыз, - деді ведомствода.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале