23.09.2024, 16:30
Оқылды: 58

Шыңғырлауда учаскелік референдум комиссиялары мүшелерін оқыту жұмысы қарқынды

Шыңғырлау аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бекітілген учаскелік комиссиялар мүшелерін оқыту жоспарына сәйкес жұмыс жалғасын тауып жатыр.

D4AA9F4B-F4D8-42FD-872D-25013B5DE961

Оқыту жұмысының бірінші айналымы осы жылдың мамыр айында өткізілген болатын. Екінші кезең 20 қыркүйек күні басталып өткізілген оқыту семинарға аумақтық референдум комиссиясы мүшелері, ауданның прокуратура органы өкілі, Ақбұлақ ауылдық округіне қарасты №399, Ащысай округіне қарасты №405, №408, Ақтау округіне қарасты №409 және Ардақ ауылдық округіне қарасты №411 учаскелік референдум комиссиялары мүшелері қатысты. Оқыту аудандық аумақтық референдум комиссиясымен ұйымдастырылып, жүргізіліп жатыр.

Оқыту семинардың күн тәртібіне сәйкес, шараны аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы, Нұрлыбек Қалиев ашып «Қазақстан Республикасындағы референдум туралы» Конституциялық заңымен реттелетін қатынастар туралы, референдум өткiзудiң принциптерi, үгіт-насихат жұмыстары, қоғамдық пікірге сауал салу, республикалық референдум тағайындау жөнiндегi бастамашылық, референдум комиссияларымен қатар референдумға қатысатын байқаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің өкілеттіліктері секілді маңызды мәселелерді қамтып өтіп, комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.

BDEB2DF6-C950-4596-B5DB-BEC0CB622D8D

Аудандық аумақтық референдум комиссиясының мүшесі Айнагүл Имамбаева «Қазақстан Республикасындағы референдум туралы» Конституциялық заңына енгізілген өзгерістер, референдум учаскесіндегі байқау процесі, аккредиттелген қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың атынан өкілдік ететін Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шет мемлекеттерден және халықаралық ұйымдардан аккредиттелген байқаушылар, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің міндеттері мен өкілеттіліктері туралы толыққанды ақпарат берді.

7296C8D5-6A22-4FFD-BEB6-3E4A182B2FC3

Аудандық аумақтық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Өмірбек Бекениязов дауыс беру күнгі учаскелік референдум комиссиялары мүшелерінің таңғы 06.00-ден кешкі 20.00-ге дейінгі іс-қимыл алгоритімімен мұқият таныстырып, референдум күні аталған шаралар барысында заң талаптарының қатаң сақталуы қажеттігін атап өтті.

Күн тәртібіне сәйкес сөйлеушілер өз хабарламаларын аяқтаған соң, референдум комиссиялары арқылы, референдум күнгі жұмыс барысына қатысты кейстер талдау өткізілді. Әр комиссияға әр түрлі кейстер ұсынылып, алғашқы болып сол комиссия құрамы, әрі қарай қалған төрт комиссия мүшелері арқылы талдаулар жасалды. Аталған шара қызықты өтіп, қатысушылардың көңілінен шықты.

B38A5D70-6BEE-42C3-8E89-FC88E34BBC6B

Семинар оқытудың түске дейінгі кезеңі аудандық аумақтық референдум комиссиясының мүшесі Амандық Сартовпен ұйымдастырылған, референдум туралы заң талаптары тұрғысындағы сұрақтарға жауап беруге бағытталған, электронды сергіту бағдарламасымен аяқталды.

Бұл бағдарламада комиссия мүшелері өз телефондарымен экранда шығатын QR-код арқылы тіркеуден өтіп, ары қарай экранда шыққан сұраққа тез әрі дұрыс жауап беру арқылы додаға түседі.

Экранда сұрақ және жауаптың төрт нұсқасы – төрт түспен шығарылады. Комиссия мүшесі өз телефоны арқылы дұрыс жауаптың түсіне сәйкес түсті пернені басу арқылы жаубын жолдайды. Әр дұрыс жауапқа және жылдамдыққа байланысты балл автоматты түрде беріле отырып, ойын соңында бағдарлама автоматты түрде бірінші жеңімпаз үштікті анықтайды. Сергіту ойынының нәтижесімен жүлделі бірінші орынға №399 Ақбұлақ УРК хатшысы Г.Мусагалиев, екінші жүлделі орынға № 409 УРК хатшысы А.Хамитов және жүлделі үшінші орынға № 399 Ақбұлақ УРК төрағасы М.Зулкашева ие болды.

1AFFC3DA-CEED-4AAD-AAED-F385B373BBC9

Семинар оқытудың екінші бөлімі түстен кейін жалғасын тапты. Бұл бөлімде барлық комиссиялар мүшелерімен референдум күнгі іс қимылдар алгоритіміне арналған рольдік ойын өтті. Яғни комиссиялар мүшелері шартты түрде референдум күнін ойнап шықты. Соңынан аталған ойынның әр тұсы талданып, аумақтық референдум комиссиясы, прокуратура органы өкілі тараптарынан баға беріліп, ескертулер мен ұсыныстар енгізілді.

Аталған рольдік ойын соңынан барлық комиссия мүшелері референдум заңы талаптары тұрғысында 60 сұрақтан тұратын тестілеуден өткізілді. Комиссия мүшелері экранда берілген QR-код арқылы тіркеуден өтіп, тілді таңдап, әр комиссия мүшесі өз телефондары арқылы тапсырды.

Сабыржан Шорабаев

Шыңғырлау аудандық аумақтық референдум комиссиясының хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале