Жалпыұлттық референдум өткізу Жаңа Қазақстан құру жолындағы алғашқы нақты әрі батыл қадам. Өйткені, елімізде атом электр станциясын салуға қатысты халық талқысына шығарылып, барша қазақстандықтардың ой-пікірін ескере отырып, қабылданғалы отыр. Біз болашақ даму жолымызды бүкіл ел болып бірлесе шешкелі отырмыз.
Бұл қадам – ел ертеңі үшін әрбір азаматтың ой-пікірінің қаншалықты маңызды екенін, жаңа мемлекет құруда өзінің де үлес салмағы барын сезінуге мүмкіндік береді.
Қазақстанның болашағын азаматтардың өзі таңдайтын жалпыұлттық референдумға халықтың жоғары деңгейде қатысатынына сенімім мол.
Сондықтан ортақ ұмтылысымыздың нәтижелі болатынына еш күмән жоқ.
Майра Шәріпова
Долин ауылдық округінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы