23.09.2024, 17:15
Оқылды: 60

Теректілік жастар референдумды қолдайды

Референдумның алға озғаны біз сынды жастар үшін үлкен жеңіс. Өйткені қазіргі жас буын кез келген ортада шімірікпей, қаймықпай өз пікірін білдіруге, ойын ашық айтуға үйренген. Әсіресе ел үшін өзекті мәселені талқылауда аянып қалмаймыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлыққа қол қойып, халықпен ақылдасу шешімі өте құптарлық дүние.

8CD8D227-A96F-4B51-98F1-DEDED6D95758
Алда ел бірлігі сыналатын кезең. Өз басым Теректі ауданының жастары дамуға құмар, тың идеяларды жүзеге асыруға мүдделі екенін анық білемін. Осы орайда өзімнің қатарымды 6 қазан күні өтетін референдумға келіп, белсенділік танытып, өз ойын жеткізуге шақырамын.

Айта кетейін, атом электр станциясының игілігін болашақта көретінімізге дау жоқ. Әрине өзге жастың таңдауы менікімен сәйкес келмеуі де мүмкін. Бірақ «мен осылай ойлаймын, не керегі бар» деп, ат тонын ала қашу бізге жат әрекет болуы тиіс. Қасым-Жомарт Кемелұлы ашықтыққа бетбұрыс жасап, ортақ талқылауды жөн санап отыр. Бұл керемет емес пе?

Референдумның мақсаты да – осы. «Иә» немесе «жоқ», «қолдаймын» не болмаса «қолдамаймын» дегеніміздің өзі серпіліс береді.

Алтынбек Қайырғалиев

Теректі ауданы жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының оператор маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале