Бүгін Жаңақала аудандық халықтық штаб мүшелері Мәстексай ауылдық округінің әкімшілігі мен мәдениет үйінде тұрғындарға АЭС салу бойынша түсінік жұмысын жүргізді.
Кездесуге қатысқан аудандық халықтық штабтың төрағасы Фазылғали Сапаров және аудандық мәслихат депутаты Марс Жұмалиев атом энергетикасы еліміздің экономикасының өрлеуіне де оң әсерін тигізетінін айта кетті.
Одан әрі Мұқыр елді мекеніне ат басын тіреп, жергілікті тұрғындарға атом электр стансасын орнатудың маңыздылығы мен қажеттілігі бойынша ақпарат берілді.
Штаб мүшелері жауапты кезең еліміз үшін аса маңызды шешімдердің бірі екенін айта отырып, оның пайдалы тұстарына кеңінен тоқталды.
Сонымен қатар алдағы өтетін республикалық референдумға өз таңдауларын жасауға шақырды.
Фариза Махамбетова
Жаңақала ауданы