23.09.2024, 20:00
Оқылды: 78

Қазақстанда жеңіл автокөліктерді жалға беру қызметі кеңейіп келеді

Ұлттық статистика бюросы жеңіл автокөліктерді жалға беру бойынша көрсетілген қызметтер көлемі 26,7% артқанын хабарлады.

parking-spot-825371_1280Фото: pixabay 

«2024 жылғы қаңтар-маусымда жеңіл автомобильдерді жалға беру бойынша көрсетілген қызметтер көлемі 58,1 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 26,7% артық (45,8 млрд теңге). Осы соманың ішінен халықтың қаражаты есебінен ұсынылған қызметтер 3 млрд теңгені құрады, ал ауылдық жерлерде көрсетілген қызметтер көлемі 6,8 млрд теңгеге жетті (2,1 есе артық)», — деп жазды статбюродан.

Жүк автомобильдерін жалға алуға келсек, аталған кезеңде қызмет көрсету көлемі 45,3 млрд теңгені құрады, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,3% кем (45,4 млрд теңге).

Ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын жалға беру қызметі 30,1% өсім көрсетті — 1,6 млрд теңге (2023 жылғы қаңтар-маусым — 1,2 млрд теңге).

Kazinform 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале