23.09.2024, 22:00
Оқылды: 67

"Жасыл энергия сатысына көшетін кез келді " – Баймағанбет Ажығалиев

InShot_20240923_204523430

Баймағанбет Ажығалиев, Жәнібек аудандық демалыс орталығының қызметкері

Қазіргі уақытта Қазақстанның энергетикалық секторы елімізде өндірілетін электр энергиясының көбі көмір электр станцияларына аса тәуелді. Дегенмен өндірілген өнімнен ауаға тарайтын улы газдың үлесі айтарлықтай көп. Жақсы бұған көз жұмдыңыз делік, ал жерасты қорларының мәңгілік еместігін қалайша естен шығарамыз?! Оның да сарқылар уақыты келеді. Негізінен электр қуатын жел, су, күн сәулесі көздерінен де алуға болады. Алайда бұлардың барлығы да тұрақты энергия көздеріне жатпайды. Бірде бар, бірде жоқ. Бұл дегеніміз, елімізге жасыл энергия сатысына көшетін уақыт келді деген сөз. Осы орайда мемлекет басшысының АЭС салу жөніндегі ұсыныс тастауы, ал шешімді халықтың таңдауына беруі — нағыз көреген көшбасшының әрекеті деп білемін. Ал халықты ең алдымен атом электр станциясының қауіпсіздігі толғандыратыны анық. Алайда мәселеге тек бір жақты қарамай орын алуы мүмкін апатты жағдайдың бәрі жобалау кезінде қалыпқа келтірілетіндігін ескергеніміз жөн. Қорқақтай берер болсақ, егемен еліміздің ертеңі қандай болмақ?! Батыл шешімдер қабылдайтын сәт келген сыңайлы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале