24.09.2024, 11:00
Оқылды: 72

Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай?

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 478 - 482 теңге аралығында саудаланып жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

AE2E3048-F39D-4D03-968C-A46416200F25

Сурет: freepik.com

Ұлттық банктің 24 қыркүйекке арналған ресми бағамы — 1 долларға 480,50 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,18 теңге. Еуро — 534,22.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 479,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 481,3 теңге. Еуро 533 — 537 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 478 теңге, сатып алу құны — 482 теңге. Еуро 529 теңгеден сатылып, 535 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,11 - 5,24 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 23 қыркүйек кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,36 теңгеге қайта қайта қымбаттап, 480,52 теңге болған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале