Бүгін облыс әкімі Нариман Төреғалиев жемісті 70 жасқа толған мерейтойына орай үлгілі «Қыз Жібек» термешілер ансамблінің жетекшісі Баян Құбайқызы мен оның қызы айтыскер-ақын Жібек Болтанованы қабылдады.
Атап өтсек, Баян Құбайқызы ҚР халық ағарту ісінің үздігі, «Ерен еңбегі үшін», І дәрежелі «Еңбек даңқы» медальдарының иегері, үлгілі «Қыз Жібек» термешілер ансамблінің жетекшісі болып қызмет атқарса, қызы Жібек – Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі, филология ғылымдарының кандидаты, айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық одағының мүшесі.
Өңір басшысы 25 қыркүйек күні «Атамекен» өнер ордасында өтетін «Ән-Баян» фильм-концертіне өңір тұрғындары атынан сәттілік тіледі.
Қыдыр Харесұлы,
Казталов ауданы