25.09.2024, 10:45
Оқылды: 119

«АЭС салу жобасын түсіндіріп жатырмыз»

Еліміздің экономикасы алдағы уақытта да нық дамуы үшін, одан әрі өркендеу үшін көптеген жұмыс атқарылып, жаңа жобалар қолға алынуы тиіс. Сондай-ақ болашақтың қажеттілігі үшін жасалар жобаның бірі – АЭС жобасы.

9C1516A4-B950-431C-ACEF-C3C83CFB53EA

Сурет: freepik.com

Қазақстан жерінде АЭС құрылысын салу туралы референдум өткізу жоспарланды. Сол себепті елімізде АЭС туралы жан-жақты түсіндіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Біз Шыңғырлау аудандық «Amanat» партиясының филиалы бойынша осы бағытта жоспарға сай жұмыстар өткізіп келеміз.  

Күн сайын мекеме қызметкерлерімен, зейнеткерлер және әйелдер қауымы, жастар тобымен кездесулер ұйымдастырып, олардың ой-пікрлерін тыңдап, өз тарапымыздан жұмыстанып жатырмыз.

 

Әлеуметтік желі және БАҚ беттерінде АЭС құрылысын салу туралы кеңінен айтылып, барлық тиімді тұстары көрсетіліп келеді.

Еліміздің дамуына баршамызда атсалысамыз әрі болашақтағы ұрпақтарымыз үшін еңбек етеміз. Сол себепті біздің алға қойған жоспарымыз кең көлемде, көп жылдарға арналған болуы шарт.

 

Бір сөзбен айтқанда бәріміз үшін, келешек ұрпағымыз үшін АЭС жобасы бізге қажет.

                   Азамат Тағаниязов

«Аmanat» партиясының Шыңғырлау аудандық филиалының директоры

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале