25.09.2024, 11:45
Оқылды: 57

Шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтеді. Мемлекеттік жаттықтырушы жарыстың маңызын түсіндірді

Астана қаласында 1-5 қазан аралығында («Сарыарқа» велотрегінің қасындағы ашық алаңқайда) шорт-тректен ересектер арасында жеке қашықтық бойынша Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

1D000F19-C20C-4269-A425-893D8AE3DAD9

Сурет: Спортты дамыту дирекциясы

Осы жолы еліміздің 10-нан астам өңірінен таңдаулы спортшылар сынға түседі. Бұл қатарда Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мадина Жанбусинова мен Яна Хан сынды халықаралық деңгейде танылған отандастарымыз бар. Жарыс арқылы бапкерлер келе жатқан маусымда халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтын Ұлттық құраманы жасақтайды.

«Бұл чемпионат біз үшін маңызды. Қысқы маусым барысында халықаралық жарыстарға баратын 20 спортшыны (12 ер, 8 әйел) іріктейміз. Жарыс кезінде неге және қандай қашықтықтарға басымдық берілетінін нақтыладық. Мұндағы мақсатымыз – бір-бірінің орнын баса алатын команда жасақтау. Маусым ұзаққа созылады. Әлем Кубогының 6 кезеңі бар. Бұл жарақат алған шорт-трекші болса, оның орнын ойсыратпай, эстафетада бір деңгейді ұстап тұруға көмектеседі», - деді шорт-тректен Мемлекеттік жаттықтырушы Азамат Әлиев СДД баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале