25.09.2024, 12:00
Оқылды: 89

БҚО-ға АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штабтың мүшелері келді

АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб Батыс Қазақстан облысына келді. Мұнда этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен, еріктілермен, партиялардың активімен және еңбек ұжымдарымен бірқатар кездесу өтті, деп хабарлайды «Amanat» партиясының баспасөз қызметі.

IMG-20240925-WA0007

Орал қаласындағы «Достық» үйінде өңірдегі этномәдени бірлестіктердің, аналар кеңесінің өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу штаб мүшелері жиналған көпшілікті атом энергетикасын пайдаланудағы дамыған елдердің тәжірибесі туралы және АЭС-тың қауіпсіздігі мен тиімділігі жөнінде жан-жақты хабардар етті.

Халықтық штаб мүшелері облыстың белсенді жастарымен атом энергетикасын дамытудың заманауи әлемдік трендтерін талқылады, елімізде бейбіт атомды дамыту бағытында жасалып жатқан жұмыс туралы айтып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Әр қазақстандықтың алдағы референдумға қатысуының маңыздылығына баса назар аударылды. Бұл қоғамдағы диалогты нығайтып, азаматтардың саяси мәдениетін арттырады.

IMG-20240925-WA0019

«Орал сауда-өнеркәсіп компаниясының» және «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалының қызметкерлерімен өндіріс алаңында АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб мүшелері өнеркәсіптік нысандардың жүйелі жұмыс істеуі және бизнестің дамуы үшін тұрақты энергиямен жабдықтаудың маңызын талқылады.

Сонымен қатар халықтық штаб өкілдері өңірдегі саяси партиялардың активімен кездесті. Штаб мүшелері тұрғындармен әңгімелесу барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Ардагерлер Кеңесінің Төрағасы Республикалық халықтық штабтың мүшесі Бақтықожа Салахатдинұлы өңір тұрғындарын толғандырған өзекті мәселелерге егжей-тегжейлі тоқталды.

IMG-20240925-WA0013

Ол кездесуге келген өндіріс қызметкерлеріне еліміздегі электр энергиясының тапшылығы айқын сезіліп келе жатырғандығын айтып өскелең ұрпақ үшін жарқын болашағымыз үшін маңызды шешім қабылдау қажеттілігі туралы айтып алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырды.

Штаб мүшелері елімізде күн және жел электр энергиясы жетекші орынға ие болғанына қарамастан, олар тұрақты қуат бере алмайтынын атап өтті. АЭС қауіпсіздігі туралы айта отырып, АЭС жобалау, салу және пайдалану кезіндегі барлық қауіпсіздік стандарттарын МАГАТЭ халықаралық компаниясы тексеретіні ерекше атап өтілді. Бұдан соң Ядролық физика институтының директоры Саябек Сахиев қазіргі заманғы үшінші буын ядролық реакторлардың қауіпсіздігі, сенімділігі, экологиялық тазалығы және тиімділігі туралы толығырақ айтып, жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

IMG-20240925-WA0014

«Адамзат осы күнге дейін ең арзан электр энергиясын қолданып келді, бірақ заман дамыған сайын біздер тек арзан емес, сонымен қатар экологиялық таза, әрі тұрақты энергияны қолдануымызды ойлауымыз қажет. Ал бұл энергия көзін бізге қазіргі уақытта атом электр станциясы ғана бере алады. Халық арасында осы мәселе бойынша бірнеше пікір бар, ол әрине орынды. Бірақ менің маман ретінде айтарым, қауіпсіздігі мен экологиялық жағынан бұл атомдық энергия көзі ешқандай залал келтірмейді. Сондықтан, біздер штаб болып, барлық өңірлерге кәсіби маман ретінде дәлелденген ақпаратпен бөлісіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізудеміз. Әрине, бұл шешімді бірауыздан халық болып, қабылдайтын болады», – деді ол.

IMG-20240925-WA0023

Жалпы халықтық штабтың барлық кездесулерінде өңір тұрғындары АЭС салуға жоғары қызығушылық танытып, алдағы референдумға қатысуға дайын екенін жеткізді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале