26.09.2024, 14:45
Оқылды: 64

Бірлік ауылында құрылыс қарқынды жүріп жатыр

Естеріңізде болса, тамыз айында Тасқала ауданының Бірлік ауылында жаңадан медициналық пункттің қазығы қағылып, құрылыс жұмысының басталғаны туралы жазған болатынбыз.

EE29170B-DCCE-4A93-BEF3-DC8AF58AD4FE

Тасқала аудан әкімі Талғат Асқарұлы аталмыш нысанда болып жұмыс барысымен танысты. Құрылыс қарқыны жаман емес. Жоба – екі сатыдан тұрады. Жобаның жалпы құны – 148,572 млн теңгені құрайды. Жобалаушы мекеме – «КазНИИСА» АҚ (Алматы қаласы). Тапсырыс беруші – БҚО құрылыс басқармасы. Ал құрылыс монтаж жұмысын жүргізетін бас мердігер – «Жиенбай» ЖШС болса, техникалық қадағалаушы мекеме – «Жайықстройинжиниринг» ЖШС-ы.

E5DCB465-D409-433C-961B-A8150BE12952

Бүгінде бой көтеріп жатқан медициналық нысанның құрылысы қазан айында толықтай аяқталады деп жоспарланып отыр. Сонымен бірге медпункт қажетті құралдармен жабдықталатын болады.

Жұмысты толық қарап шыққан аудан басшысы Талғат Асқарұлы құрылысшыларға ризашылығын білдірді. Учаске басшысы Есбол Бекмұхамбетовке   нақты тапсырмалар беріп, құрылысты жауын-шашынға қалмай белгіленген уақытта аяқтауды тапсырды.

Назгүл Серікқызы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале