26.09.2024, 17:00
Оқылды: 109

Жеке сектордан мемлекеттік қызметке мамандар тарту қалай жүріп жатыр?

Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметті дамыту бағытында мемлекеттік қызметке кіруді барынша жеңілдетуді тапсырды. Бұл ретте, жастар мен бизнес саласында тәжірибесі мол азаматтарды мемлекеттік қызметке белсенді түрде тарту үшін заңмаға тиісті өзгерістер енгізілді, деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.

2CE17610-39AC-4867-9A2C-DB81F9AB6F97

Мысалы, ауыл әкіміне сайлану үшін міндетті түрде мемлекеттік қызметтегі өтілге ие болу міндетті емес. Осылайша, қазіргі уақытта мемлекеттік қызметке жеке сектордан тәжірибелі мамандар келіп жатыр.

Қайрат Әділханов сайлау қорытындысы бойынша 12 шілдесінен бастап Теректі ауданының Ақсуат ауылдық округіне әкім болып сайланды. Қайрат Алтайұлы 1978 жылы 24 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында туған. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. Жәңгірхан атындағы БҚАТУ агротехникалық сервис мамандығын бітірген. Еңбек өтілі – 25 жыл. Мемлекеттік қызметте өтілі жоқ.

Еңбек жолын «Пойма астық қабылдау пункті» ААҚ-да бастап, 1999-2015 жж аралығында жүк тиеуші, жүргізуші және инженер болып жұмыс жасаған. 2015-2020 жж аралығында «Пойма Агро» ЖШС-і директорының орынбасары болған. 2016-2021 жж аралығында Теректі ауданы мәслихатының депутаты болды.

Сонымен қатар 2013 жылдан 2024 жылға дейін «Адильханов А.К.» ЖК-нің басшысы болып жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. Отбасылы, бүгінде бір баланың әкесі.

Ауыл әкімі болу күрделі әрі жауапты іс. Күрделі мәселелерді шешуде ерекше және стандартты емес шешімдерді қажет етеді. Сол себепті, бизнес саласында алынған тәжірибе шешімдерді қабылдау кезінде ең оңтайлы шешімге келуге көмектесетіні сөзсіз.

Жалпы қазіргі таңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы дайындалып, тиісті іс-шаралар жоспары жасақталды.

Тұжырымдаманың негізгі бағыттары – мемлекеттік қызметті адамға бағдарланған және сервистік сипатта ілгерілету, мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру, HR-процестерді басқару және цифрландыру.

Яғни, бұл тұжырымдама Мемлекет басшысы айтып келе жатқан «Адамға бағдарланған сервистік мемлекеттік аппарат», «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін», «Халыққа құлақ асатын мемлекет» және «Адал азамат» қағидаттарының бағыт-бағдарында дайындалды.           

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале