Сурет: freepik.com
Әсет Есмақов
Ақжайық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттiк мекемесіне қарасты Ақжайық құрылымдық бөлімшесінің басшысы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында «Қазақстан – әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекет. Ендеше, өз жерімізде атом стансасын салуға әбден қақымыз бар» деп атап өтті.
АЭС салу – еліміздің энергетикалық тәуелсіздігі мен қауіпсіздігінің кепілі.
Қазіргі уақытта Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы бар, осы уақытқа дейін оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр. АЭС құрылысы бұл мәселені шешіп, елдің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
АЭС салынатын болса экономикамыздың барлық салаларына, сондай-ақ ғылым, білімге, әлеуметтік салаға оң мультипликативтік әсер етеді, жоғары технологиялық, ғылымды қажетсінетін технологиялар мен аралас салалардың жедел дамуына мүмкіндік береді. Қазақстанда АЭС салу атом индустриясы үшін және тұтастай алғанда еліміздің бүкіл экономикасы үшін жаңа жол ашады.
Әлемдегі алпауыт елдер энергия көзін өздері өндіреді. Сол секілді біздің елімізде АЭС салу арқылы энергиядан тапшылық көрмейді.
Сондықтан алдағы өтетін саяси науқанға қатысып, еліміз үшін оң шешім қабылдауға өз үлесімізді қосуымыз қажет.