27.09.2024, 18:00
Оқылды: 31

Жаңақала ауданында сегіз отбасы баспаналы болды

Жаңақала ауданының Жаңақазан ауылы және Мәстексай ауылдық округіне қарасты Мұқыр ауылында әр түрлі санат бойынша сегіз отбасыға жаңа үйдің кілті табысталды.

32AB4DD7-8538-4038-A3D4-944B8F14FDDB

Көптің қуанышына арнайы келген облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Ерсайұлы тұрғын үй иелерін жаңа қоныстарымен құттықтай отырып, жылы лебізін жолдады.

– Бүгін ауылымыз үшін қуанышты күн болды. Көптен күткен заманауи үлгідегі спорт кешені халық игілігіне берілді. Ауыл балалары мен салауатты өмір салтын қалыптастырған жандар спорттың бірнеше түрімен шұғылданатын болды. Елдің атын танытып жүрген әлемге әйгілі спортшылардың көбі ауылдан шыққан ғой. Жағдай жасалғаннан кейін ауыл-аймақтың жеткіншектері де ел мерейін үстемдетеді деген үміттеміз. Екінші қуанышымыз баспаналы болып жатырмыз, жасым 82-ге келіп жаңа қонысқа ие болдық. Бұрынғы қара шаңырағымда 62 жыл өмір сүрдім. Отағасы Рахым Айтқалиев – осы ауылға 40 жыл еңбек еткен азамат. Алла берген 10 баланың батыр анасы атанып, алтын алқа иегерімін. Заман жақсы, ауданымыз жылдан жылға дамып келеді, осындай қос қуанышқа қол жеткізуге себепкер болған басшылықта жүрген барша азаматқа алғысым шексіз, - дейді ардагер әже Бақыт Молдағалиева.

Айта кетер болсақ, «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына» сәйкес Жаңақазандағы 80 шаршы метрді құрайтын төрт пәтердің құны 77,48 млн көлемінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры арқылы сатып алынса, әрбірінің құны 17,9 миллионды құрайтын қалған тұрғын үйлер республикалық бюджеттен қаржыландырылды.

Халық игілігіне бір күнде бірнеше нысан табысталған қуанышты күннің куәсі болдық. Алдағы күндерде де өңірімізді дамытуда атқарылып жатқан игі істер жалғасын таба берсін демекпіз.

Фариза Махамбетова

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале