28.09.2024, 9:00
Оқылды: 113

Жәнібек ауданында Рахметолла Егізбаевтың 100 жылдық мерейтойы тойланды

Жәнібек өңірінде өнегелі ісімен із қалдырған белгілі коғам кайраткері, ақын Рахметолла Егізбаевтың 100 жылдық мерейтойы бүгін туған жері Борсы ауылына қарасты Тегісшіл елді мекенінде тойланды.

image-27-09-24-10-38-4

Шәрімбет сайының жағасында тігілген киіз үйлер мен құрылған сахнаның төрінде ән шырқалып, поэзия салтанат құрды.

image-27-09-24-10-38

«Жырымен тербеткен туған елін» атты әдеби сазды кеш аудан әкімінің орынбасары Мирболат Бисенов сөз алып, Р.Егізбаев туған өлкенің гүлденіп дамуына ерекше үлес қосып, өз қолтаңбасын қалдырған адам екенін, ол басқарған жылдары аймақта экономикалық өрлеу болып, жергілікті халықтың әлеуметтік тұрмыстык ахуалы жақсарғанын айтып, тегісшілдіктерді мерейтоймен құттықтады.

image-27-09-24-10-38-6

Кеш барысында Мербол Ықсанов «Туған жер» әнін орындаса, «Аққайың» би ансамбілінің бишілері «Балауса» биін биледі. Ауыл жастары Р.Егізбаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқыса, тегісшілдік жас ақын Дәурен Сәдиев ағынға арнауын арнады. Тегісшіл бөлімше кітапханасының кітапханашысы Мөлдір Құрмашева да ақынға арнаған туындысын тарту етті. Эльмира Мұратова «Қазақстан» әнімен кешті қорытындылады. Жиылған жұртшылық «Азаматтан қалған асыл қазына» тақырыбындағы кітап көрмесімен танысты.

image-27-09-24-10-38-2

Шәрімбет сайының жағасында ұлттық спорт ойындарынан жарыстар өткізіліп, ақынға арнап дастархан жайылып, ас берілді.

Сонымен қатар 70 шақырымдық ұлы аламанға қатысушы атбегілер бас қосып, реттік нөмірлерін алды.

Гүлзара Мәди 

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале