28.09.2024, 20:42
Оқылды: 123

Өңірде бірыңғай «ашық есік» күні өтті

Бүгін БҚО аумақтық референдум комиссиясының ұйымдастыруымен өңірдің барлық аудандық аумақтық референдум комиссиялары және 496 учаскелік референдум комиссияларында бірыңғай «Ашық есік» күні акциясы ұйымдастырылды.

IMG-20240928-WA0060

Шаралар жеке қабылдау, дөңгелек үстел, лекторий, көпшілік орындардағы дауыс беруші бұрышы сияқты түрлі форматта өтті. Бұл күні қабылдауға келген азаматтарға елдің әлеуметтік-экономикалық сипатына, мемлекеттік мәселелерді бірге шешу арқылы оның дамуына ықпал ететін референдумның маңызы түсіндірілді. Референдумның сұрағы, дауыс беру тәртібі сияқты толғандырған сауалдарға жауап берілді. Учаскелік референдум комиссияларының төрағалары тұрғындарға қосымша референдум заңнамадағы өзгерістерді түсіндіріп, дауыс беру ерекшеліктері туралы әңгімелеп берді.

IMG-20240928-WA0059

Азаматтар тізімдегі өздері туралы мәліметтерді нақтылап, дауыс беру күні, уақыты және орыны туралы ақпараттар алды. Дауыс беру күні түрлі жағдайлармен референдум учаскелеріне келе алмайтындарға жазбаша өтініш беру арқылы конституциялық құқығын жүзеге асыру туралы кеңестер берілді. «Ашық есік» акциясы барысында 2 мыңға жуық адам учаскелік комиссия мүшелерінен тиісті кеңес алды.

БҚО аумақтық референдум комиссиясы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале