ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежана Имашева, энергетика саласының маманы Марина Богомолова Переметный ауылында болып, «Асфа» ЖШС-нда жол құрылысы және дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде мәдениет және спорт салалары қызметкерлерімен кездесті.
ҚР Президентінің Жолдауын талқылау аясындағы кездесу барысында елдің энергетикалық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуына бағытталған атом электр станциясы құрылысының маңыздылығы талқыланды.
Спикерлер, АЭС жобасының Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етудегі рөліне, сондай-ақ экономиканы әртараптандыру мен тұрақты дамуға қосар үлесіне тоқталды. Кездесу кезінде экологиялық қауіпсіздік мәселелері, АЭС құрылысының қоршаған ортаға ықпалы және оның болашақ ұрпаққа әсері туралы да сөз қозғалды.
Мәжіліс депутатының сөзінше, АЭС-тан келер пайда ұшан-теңіз. Басқа өндіріс орындарымен салыстырғанда оны салу әлдеқайда тиімді. Өйткені артық қалдық шықпайды. Энергетика саласынан басқа елге тәуелді болмауымыз үшін ұсынылған бұл референдумға отандастарымыздың қатысқандары дұрыс.
Салтанат Серікбайқызы
Бәйтерек ауданы