29.09.2024, 19:24
Оқылды: 5

Бөкей ордасы ауданында Еңбек күніне арналған іс-шаралар өтті

Ел Президентінің арнайы жарлығымен жұмысшы мамандықтарға құрмет көрсету дәстүрін жаңғырту және ерте жастан еңбектің маңыздылығын түсіну мақсатында қыркүйектің соңғы жексенбісі «Еңбек күні» бекітілген еді. Осы айтулы күнге орай Бөкей ордасы ауданында бірқатар шара өтті.

FB_IMG_1727534069968

Аудан әкімдігінің қолдауымен, аудандық ардагерлер қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аудан орталығы Сайқын ауылында көпшілік велошеру өтті.

FB_IMG_1727534088742

Аталмыш шараға аудан әкімінің орынбасары К.Нұршинов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Арыстанбеков, спортты серік еткен ардагерлеріміз бен қарапайым еңбек адамдары, спортшыларымыз бен мектеп оқушылары қоса алғанда 50-ден астам ауыл тұрғыны қатысты.

FB_IMG_1727534040520

Велошеру соңында ең жас бүлдіршіндер мен ардагер спортшыларға және мектеп оқушыларына ұйымдастырушылар тарапынан естелік сыйлықтар табысталды.

FB_IMG_1727534035188

Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, "Нарын жастары" жастар қоғамдық бірлестінің ұйымдастыруымен жұмысшы және NEET санатындағы жастар арасында шағын футболдан "Еңбек кубогі" ұйымдастырылды.

Шараның ашылуында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы И.Құрмашев пен аудандық ардагерлер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.Арыстанбеков сөз алып, мереке маңызына тоқталса, бас төреші "Орда" спорт клубының директоры Ж.Хайрушев жарыс ережесімен түсіндірді.

Байрақты бәсекеге аудан орталығы мен ауылдық округтерден сегіз команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде Орда ауылдық округінің жастары ІІІ орын, балалар-жасөспірімдер спорт мектебі ІІ орын, №17 аудандық өрт сөндіру бөлімінің командасы жүлделі І орын алды.

Жарысқа қатысушы командалар мен үздік ойыншыларға сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале