30.09.2024, 16:00
Оқылды: 107

Жәнібекте қайырымдылық айы қалай өтеді?

Бүгін Жәнібек ауданы әкімдігінде аудан әкімі Тимур Шиниязовтың төрағалығымен кеңейтілген лездеме өтті.

7712AF04-9B24-44A1-A89D-DA1C590A8395

Отырысқа ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары қатысты. Лездеме басталмас бұрын аудан басшысы ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында айтарлықтай із қалдырған қоғам қайраткері, ақын Рахметолла Егізбаевтың 100 жылдығына арналған іс-шараларды тиісті деңгейде атап өтуге белсенді қатысқан мекеме ұжымдары мен ауыл әкімдеріне алғысын айтты.

Кеңейтілген лездемеде төрт мәселе қаралды. Алдымен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Райгүл Тастенова «Мейірбандық күндері» қайырымдылық айлығы бойынша іс-шаралар жоспарын таныстырып, бекітуді ұсынды.

E7137FB3-9EAD-4672-8BF8-FB2D3777B970

Іс-шаралар жоспарында тыл ардагерлері мен еңбеккерлерінің, жалғызбасты қамқорланушылардың үйлеріне барып, құттықтау, жалғызбасты қариялар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсету, зейнеткерлер арасында дойбы, шахмат және тоғызқұмалақ ойындарынан сайыстар өткізу, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға арналған киім-кешек жәрмеңкесін ұйымдастыру, әлжуаз топқа жататын жанұяларды азық-түлікпен қатамасыз етіп, қажеттілікке байланысты материалдық көмек көрсету, көп балалы отбасылардың балаларына бір күндік «Шаштараз»қайырымдылық айлығын өткізу, мүгедектігі бар жандарға спорттық жарыстар ұйымдастыру көзделген.

Сондай-ақ Райгүл Исатайқызы отбасының цифрлық картасындағы «Д», «Е» санатындағы отбасылармен атқарылған жұмыстар хақында айтып өтті.

Жалпы отбасының цифрлық картасы дегеніміз не? Ол – еліміздегі отбасылардың дербес дерекқоры. Отбасылық цифрлық картаны мемлекеттік әлеуметтік саясаттың орта және ұзақ мерзімді міндеттері мен бағыттарын айқындайтын құрал.

0FBBBB14-A7D5-45F3-B8C4-879DA1AA0FE6

Яғни мемлекет кімге, қашан, қандай көмек қажеттігін анықтап қана қоймай, әлеуметтік тәуекелдердің алдын алады. Сондай-ақ карта отбасылар немесе отбасы мүшелерінің әлеуметтік мәртебесіне және әл-ауқат дәрежесіне қарап, мемлекеттік қолдаудың қандай түрін алуға құқылы екендігін жеткізіп отыратын электронды жаршы қызметін атқарады.

Аудан бойынша отбасылық цифрлық картасында 4 154 отбасыға топтастырылған 14 164 адамның дерегі бар. Үшінші мәселе, яғни референдумға дайындық жұмыстары туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Миранбек Ибатов баяндады. Миранбек Нұрланұлының айтуынша, 6 қазанға тағайындалған референдумды өткізу үшін 1 аумақтық, 19 учаскелік референдум комиссиясы жұмыс істейді.

Сонымен қатар аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Рустам Аманғалиев жылыту маусымына дайындық жұмыстары туралы баяндап берді. Жиынды аудан әкімі қорытындылады.

Гүлзара Мәди

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале