1.10.2024, 23:00
Оқылды: 104

Жаңақала ауданында өткен жиында АЭС мәселесі талқыланды 

Бүгін «Жаңақала ауданының ардагерлер кеңесі» ұйым мүшелерінің қатысуымен АЭС мәселесі бойынша отырыс өтті.

IMG-20241001-WA0058

Жиынның алғы сөзін ұйым төрағасы Қайырғали Үмбетәліұлы алып, басқосудың басты маңыздылығына тоқталып, жиналған қауыммен пікір алмасты. Ардагерлер атом электр стансасына қатысты барлық ақпараттарын ортаға салып, қауіпті және қауіпсіз деп табылатын тұстарын айта өтіп, талқыға салды.

- Біздің заманымызда электр қуатына балама болмағандықтан, оның қажеттілігі арта береді. АЭС салуды мен қажеттіліктен туындаған дүние деп есептеймін. Әрине, әркімнің естіп білген ақпаратына қарай пікірі де әртүрлі болады. Дегенменде, осы мәселе бойынша тереңінен ізденіп, ақпарат көздерін қарастырып, салыстырып қараған адамның пікірі оң болатыны хақ,- дейді ардагер Шаhидолла Абуғалиев. Одан кейін қауіпсіздік мәселесіне қатысты, әлемдегі барлық атом электр стансасын орта есеппен 100 шақты деп алсақ, оның ішінде апаттық жағдайға ұшырағанының саны екеу. Біреуі Чернобыльде болған апат адамның байқаусыз жасаған қате әрекетінен туындаса, Жапониядағы Фукусима ядролық стансаның табиғи жер сілкінісінің әсерінен орын алды. Сондықтан қауіпсіздік жағынан алып қарағанда қазіргі ұсынылып жатырған жаңа деңгейдегі реакторлардың қауіп төндіру көрсеткіші төмен екендігі түсіндірілді. Және де АЭС салынатын шешім қабылданған жағдайда, еліміздің жоғары оқу орындарынан атом электр саласы бойынша мамандық ашылып, жаңа мамандар дайындалып, жұмыс көздері ашылатындығына қатысты сөз етілді. Жалпы отырыста қозғалған өзекті тақырыптардың бірі – халықтың референдумға дауыс беруге жұмыла қатысуының басты рөл ойнайтындығы жөнінде. Сол себептенде атом электр стансасына қатысты мағлұматтарды әрбіріміз көпшілікке түсіндіріп, дастархан үстінде басқосқанда, жиындарға қатынасқан кезде түсінбей жүрген сұрақтарына жауаптарын беріп, алдағы өтетін сайлауға қатысуға белсенді түрде шақыру керектігін бір ауыздан қолдады.

IMG-20241001-WA0056

Сонымен қатар халықтық штаб мүшелерінің төрағасы Фазылғали Сатқалиұлы және Қуат Имашев аудан жастарымен кездесіп, атом электр стансасы жөнінде түсіндірме жұмыс жүргізді. АЭС салудың маңыздылығына тоқталып, мағлұматтарды тереңінен ашып жеткізді. Барлық көтеріліп, өзекті деп танылып жүрген сұрақтарға жауаптар берілді.

Штаб өкілдері өз таңдауымызды жасаудың еліміз үшін қабылданатын шешімге беретін әсері бойынша айтып, алдағы Республикалық референдумға бір кісідей атсалысуға шақырды.

Фариза Махамбетова,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале