Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 478 - 482 теңге аралығында саудаланып жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
Сурет: pixabay.com
Ұлттық банктің 2 қазанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 480,11 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,14 теңге.
Еуро — 532,25.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 480,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 482,5 теңге. Еуро 532,5 — 536,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 478 теңге, сатып алу құны — 482 теңге. Еуро 531 теңгеден сатылып, 537 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,05 - 5,17 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 1 қазан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,76 теңгеге төмендеп, 480,35 теңге болған.