2.10.2024, 12:15
Оқылды: 175

Шыңғырлаулықтар игі іске атсалысты

Шыңғырлау ауданында 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай көптеген игі істер атқарылып жатыр. Мереке қарсаңында қайырымды ісімен қариялардың алғысына бөленіп, үлкенге құрмет көрсетуден жаңылмаған «Жарас» ЖШС-нің жұмысшылары Ерболат Бекмұхамбетов, Нұралы Казенов, Святослав Мухин ауданның «Құрметті азаматы», жалғызбасты қария Александр Гайдаенконың үйіне барып, ауласын тазалап, ағаштарын кесіп берді.

95F8A40E-F593-446F-BEDB-F939E67B5BA0

– «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» деп халқымыз бекер айтпаған. Жастық шағын ауданымыздың гүлденуі мен дамуына арнаған қарияларға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Біз тек мереке қарсаңында ғана емес, қарияға әрдайым қол ұшымызды беріп отырамыз. Бүгін де демалыс күніне қарамастан ізгі іске атсалысқан әріптестеріме ризамын, - дейді Ерболат Бекмұхамбетов.

«Құрмет белгісі» және «Еңбек Қызыл ту» ордендерінің иегері Александр Михаилұлы өз тарапынан жігіттерге алғысын білдірді.   

Бақыт Баймағамбетова

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале