Қолданыстағы заңнамаға сәйкес дауыс беруге арналған үй-жайларда тәртіпті қамтамасыз ету, бюллетеньдерді күзету ішкі істер органдарына жүктелген.
Ішкі істер органдарының қызметкерлері учаскелік сайлау комиссиясы төрағасының шақыруымен ғана дауыс беру нысанында болуы керек. Дауыс беру нысанында тәртіп орнағаннан кейін учаскелік сайлау комиссиясы төрағасының өтініші бойынша бірден дауыс беру нысанынан шығып кетуі тиіс.
Бекітілген жоспарға сәйкес Сырым аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Тимур Айтуғанов және бөлім бастығының бірінші орынбасары полиция капитаны Амангелді Мекин жеке құрамды жинап, референдум күнгі іс-қимылдардың нұсқаулығымен таныстырды.
Айта кетейік, ішкі істер бөлімінің қызметкерлері Сырым ауданындағы 27 учаскелік референдум комиссиясында бюллетеньдерді күзетіп, тәртіпті қадағалайтын болады.
Шынар Яудақызы
zhaikpress.kz