3.10.2024, 0:00
Оқылды: 79

Қазақстанда Атом есімді 5 адам өмір сүреді

Ұлттық статистика бюросы берген соңғы дерекке сай Қазақстанда Атом есімді 5 адам тұрады. 

ЖП балалар

Мәлім болғандай, Қазақстанда Атом есімді 5 адам бар. Ең кішісі 3 жаста, ал үлкені — 66 жаста. Бұл есім иелері Ақмола мен Қостанай облыстарында, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында тұрады.

Сонымен қатар құрамында «атом» сөзі бар мынадай есімдер де кездеседі:

— Атомжан — 2 адам

— Атомбек — 6 адам

— Атомвек — 2 адам

— Атомтай — 1 адам

Ескерте кететін жайт, аталған есім иелерінің 80%-ы 47 жастан асқан және олар Қазақстанның 11 өңірінде тұрады.

Бұл ретте, елімізде Референдум есімді адам жоқ.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале