3.10.2024, 10:30
Оқылды: 80

Қазақстанда 41 млн тоннадан астам жем дайындалды

Ауыл шаруашылығы министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жем-шөп өндірісін дамыту бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

28DB8975-1D58-4591-9FB3-8C0ADE01DD01

Сурет: freepik.com

Жем-шөп дақылдары үшін суармалы жерлердің алаңдарын кеңейту, жем-шөп дақылдарының тұқым шаруашылығын дамыту, ауылшаруашылығы техникасын сатып алу, жайылымдық жерлердің өнімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылдау мақсатында ведомство жемшөп өндірісін дамытудың Жол картасын өзектендіру бойынша жұмыс жүргізуде.

Ағымдағы жылы өңірлердің деректері бойынша жемшөп дақылдарының егістік алқаптары 3,2 млн гектардан асты, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 83,5 мың гектарға артық. Бұл ретте егістікке орналастырылатын жем-шөп үлесі шамамен 14%– құрады (2023 жылы – 13%).

24,5 млн тонна шөп (бір жарым жылдық – 36,7 млн тонна), пішен – 1,7 млн тонна, сабан – 4,6 млн тонна, концкорм – 5,5 млн тонна және сүрлем – 2,0 млн тонна дайындау жоспарланған.

Осы жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша 32,1 млн тонна көлемінде шөп немесе бір жарым жылдық жоспардан 87,6 %, 1,8 млн тонна пішен немесе жылдық жоспардан 108,5%, 2,5 млн тонна құрама жем (44,9%), 1,6 млн тонна сүрлем (83,5%) және 3,1 млн тонна сабан дайындалды (67,7%).

ЖалпытҚазақстанда жем-шөппен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты деп болжанып отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале