3.10.2024, 10:15
Оқылды: 53

Әділ Ғалиахметов: «Өткен маусымдардағы қатеден сабақ алдым»

Астана қаласында басталған шорт-тректен Қазақстан чемпионатында 1500 метрге жарыста Әділ Ғалиахметов топ жарды. Ұлттық құрама спортшысы финалдан кейін Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сұхбат берді.

E944331E-5D5C-4392-B940-496AD2F5CEA2

Суреттер: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

«Мұнда бапкерлер алдағы Әлем Кубоктарына, Азия ойындарына баратын құрамды іріктеп жатыр. Яғни, бір қашықтықта бірінші орын алғандар Ұлттық құрамаға кіреді. Бүгін жоспарды орындап тұрмын. Соған қарамастан қалған қашықтықтарда жүгірем. Бірақ бар күшімді салмаймын, сақтаймын. Алда ұзақ маусым күтіп тұр. Осыған дейінгі жылдары жарыстарда бар күшімді салып, маусым аяғында шаршап қалатынмын. Енді асықпай бастап, соңына дейін күшімді жеткізуім керек. Қазіргі мақсат - осы ойымды жүзеге асыру»,-деді Әділ Ғалиахметов.

Еске сала кетейік, Әділ 1500 метрге жарыста Бейжің Олимпиадасының финалында өнер көрсетіп, 8-орын алған. Сондай-ақ ол - Әлем Кубогында 1500 метрге жарыста жүлде жеңіп алған тұңғыш спортшымыз (Бейжің 2021 жылғы 23 қазан).

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале