3.10.2024, 15:00
Оқылды: 23

Дәстүрлі «Ұлы дала» байқауы басталды

«AMANAT» партиясы дәстүрлі «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауының басталғанын хабарлады.

FDCDECDF-C62F-4F60-8F31-9CA3E1C0EC27

Биыл әдеби конкурс көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы аясында өтеді.

Басты мақсат – ұлттық болмысты, рухани құндылықтарды паш ететін, креативті идеяларға ие жас қаламгерлерге, отандық авторларға қолдау көрсету және шығармаларын насихаттау.

Үміткерлер​:

  • «Проза»,
  • «Поэзия», ​
  • «Драматургия»,
  • «Әдеби сын» және
  • «Балаларға арналған шығарма» номинациялары бойынша қатыса алады.

Бұдан бөлек, байқауда «Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы» және «Алаш аманаты» арнайы жүлделері де қарастырылған. Сонымен қатар Алаш қайраткерлері І. Жансүгіров, С. Сейфуллин, Б. Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Үш бәйтерек» арнайы жүлдесі тағайындалып отыр.

Әр номинацияның жүлде қоры:

І орын – 1 000 000 теңге

ІІ орын – 750 000 теңге

ІІІ орын – 500 000 теңге.

Арнайы жүлде жеңімпаздарына 1 000 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақы табысталады.

Шығармалар 1 тамыздан 30 қазанға дейін қабылданады. Байқауға 20-45 жас аралығындағы авторлар қатыса алады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале