3.10.2024, 20:00
Оқылды: 28

Казталовтық ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді

Ұстаздықтың ұлы жолын таңдаған әр адамның бойында үздіксіз ізденіс пен тынымсыз еңбек етудің шексіз қасиеттері болуы шарт. Адам бойындағы ең асыл қасиеттерді жас ұрпақтың санасына дарытатын ұстаздар қауымы екені белгілі.

IMG-20241003-WA0034

Кеше Кенжебек Меңдәлиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде аудандық білім беру бөлімінің бастамасымен, мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен мектептң білім саласында ұзақ жылдар еңбек етіп, бүгінгі таңда зейнеткерлік жастағы ардагер ұстаздарды дәріптеп, құрметтеу, еңбектерін бағалау мақсатында Ұстаздар мерекесіне орай «Еңбегімен еленген ардақты ұстаздар» тақырыбында кездесу кеші ұйымдастырылды.

Салтанатты шараға ардагер ұстаздар, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самал Қанапияқызы және бөлімнің әдістемелік кабинет м.а. Асыл Закарияқызы, мектеп ұстаздары мен жас мамандар, мектеп оқушылары қатысты.

Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самал Қанапияқызы ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, білім беру саласында аянбай еңбек еткендері үшін сала ардагерлеріне ерекше сый-сияпат көрсетіліп, төрден орын ұсынылып, гүл шоқтары табысталды.

Білікті маман иелерімен сұхбаттасуға келген оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тақырыпқа сай әсем әндер орындалып, ұстаздарға деген құрмет көрсетілді.

#Ұстаздаркүні

#ардагерлердіқұрметтеу

Қыдыр Харесұлы, 

Казталов ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале