4.10.2024, 10:18
Оқылды: 56

Skills Enbek платформасында Influencers-тің жастарға арналған курстары қолжетімді болады

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ мен Influencers әлеуметтік-білім беру платформасы ынтымақтастық туралы келісім жасады. Жаңа серіктестік аясында Influencers әзірлеген бейнематериалдар мен оқыту бағдарламалары Skills Enbek платформасына орналастырылады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

65D12B3B-F4D8-4280-A1BE-93468CE526CF

Сурет: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қазірдің өзінде Skills Enbek пайдаланушылары үшін Influencers сарапшыларының қаржылық сауаттылық курстары қолжетімді. Осы ынтымақтастық алдағы уақытта жеке және кәсіби өсу үшін, әсіресе жастар үшін білім беру процесінің және басқа курстардың мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

«Skills Enbek платформасы үнемі даму үстінде және азаматтардың жаңа білім алуы мен оларды тың дағдыларға үйрету тұрғысынан мүмкіндіктерін кеңейтуде. Біздің пайдаланушыларымыздың шамамен 40%-ы жастар. Олар үшін курстардың өзектілігі, әртүрлілігі мен сапасы ерекше маңызға ие», – деп атап өтті «ЕРДО» АҚ Басқарушы директоры Ольга Киселева.

Skills Enbek іске қосылған сәттен бастап түрлі бағыттар бойынша 608 курс орналастырылды, оның 276-ы тегін. Платформада қазірдің өзінде 474 мыңнан астам пайдаланушы тіркелген, олардың 390 мыңнан астамы оқуды сәтті аяқтап, тиісті сертификаттар алды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале