4.10.2024, 11:30
Оқылды: 34

Теректіде «Ұстаз жолы» жобасы жанданды

Атауының өзі ғибратты ұқтыратын жоба аясында Теректі аудандық балалар шығармашылық үйінің мұрындық болуымен, аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының колдауымен игі іс-шара өтті.

C45C012D-B99A-47AD-9CB1-14932C44ED4A

Бұған дейін бес мәрте ұйымдастырылған бағдарламаға әр ауылдық округтің ұлағатты ұстаздары қатысып жүргенін айта кеткен жөн.

Мереке қарсаңында өткен шараның қонақтары Аңқаты жалпы орта білім беретін мектебі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Саяхат Әбдірахманов, Ақжайық мектебінің география пәні мұғалімі Бейбігүл Бисембаева, Госплемстанция мектебінің алғашқы әскери дайындық және технологиялық дайындық пәні мұғалімі Қайырбек Байғалиев, Ы.Алтынсарин атындағы мектебінің география пәні мұғалімі Гүлнара Жұбанышева болды.

Тағылымды сұхбатты жүргізген Үміткер Орынғалиев жоба қатысушыларына «Сұрақ – бізден, жауап – сізден» деген бөлім барысында қызықты сұрақтар қойды.

9AF26E63-BB42-4B31-8052-1B53CECC6CE4

Сондай-ақ қонақкәделерін алып келген Саяхат Саматұлы «Ұстазым» әнін орындаса, шебер Бейбігүл Зинешқызы өзінің туындысын ала келді.

Ал Гүлнара Нұховқызы тебірене көркемсөз оқыса, Қайырбек Саматұлы автоматты тез шашып, жинауды көрсетті. Сонымен қатар «Кейіпкермен бетпе-бет», «Ақ тілек» айдарында шақырылған қонақтарға алғашқы ұстаздары, достары, отбасы мүшелері ізгі тілектерін тікелей эфирден жолдады.

Шараға қатысқан Теректі ауданының білім беру бөлімінің басшысы Мирас Сапарғалиев білім беру саласында қызмет етіп жүрген жандарға лебізін білдіріп, аудан басшысы атынан алғысхат табыс етті.

Одан әрі ауданның бас ұстазы Мирас Махмұтұлы мен Теректі аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Ұлдай Сарсенова «Ауыл» олимпиадасының республикалық кезеңінен жеңімпаз атанғандарға шипажайға жолдаманы табыс етті.

Ақтілек Әлібекұлы

Теректі ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале