Бөкей ордасы ауданында 2012-2013 жылғы жасөспірімдер арасында шағын футболдан аудандар арасында ашық біріншілік өтті.
Бұл біріншілік Өзбекстандағы әлем чемпионатында ел намысын қорғап жатқан Қазақстан құрама командасын қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Еске салсақ, 14 қыркүйек – 6 қазан аралығында Өзбекстанда футзал бойынша Х әлемдік чемпионат өтіп жатыр.
Аудандық біріншіліктің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Кенесары Нұршинов пен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Данагүл Ғайнуллина сөз алып, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Спорттық сайысқа көршілес Жәнібек, Жалпақтал аудандарының және Орал қаласының ойыншылары қатысты.
Бірінші орынды оралдық Бәйтерек академия командасы алса, екінші, үшінші орындарды Жәнібек пен Жалпақталдан келген командалар еншіледі.
Анар Артықбай
Суреттерді түсірген Эльдар Сатқанов