Бүгін Жаңақала аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі және құқық қорғау органдарының қатысуымен «ашық есік» күні өтті.
Аудан әкімі Алпамыс Жаңабайұлы, ауыл әкімі Ақан Болатұлы, аудан прокуроры Қанәбіл Төремұратов, төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Мейірім Аманжолұлы, сот әкімшісінің басшысы Айгүл Исқаққызының қатысуымен басталған жиын барысында аудан тұрғындары өз сауалдары мен ұсыныстарын айтты.
Қара халық алдын ала тіркеліп, кезек сақтап, жеке сұрақтарын қойды. Өзекті мәселеге айналған киік ату мен жер туралы сөз қозғалып, тағы да басқа ауқымды проблемаларға талқыланды.
Ақерке Мәлікқызы
Жаңақала ауданы