Бүгін қайырымдылық айлығы және Қарттар күніне арналған зейнеткер ардагерлер арасында асық ату, қол күресі және пневматикалық мылтық атудан аудан біріншілігі өтіп жатыр.
Жарыстың ашылуына Сырым ауданы әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Тимур Кубаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мүсірбек Айташев, Сырым ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Арман Гумаров және «Қайсар» спорт клубының директоры Ерболат Мұқанов қатысып, сөз сөйледі.
Аудан біріншілігіне Абай, Аралтөбе, Алғабас, Бұлан, Тоғанас, Талдыбұлақ, Елтай, Қособа, Өлеңті, Жетікөл, Жосалы, Жымпиты ауылдық округтерінен зейнеткер ардагерлер келіп бақ сынауда.