6.10.2024, 7:15
Оқылды: 52

Жәнібекте референдум учаскелері ашылды

Бүгін Жәнібек ауданында сағат 06:00-де барлық референдум комиссия мүшелері референдум учаскесіне келіп полиция қызметкерінен референдум учаскесін қабылдап алды.

image-06-10-24-06-46

Дауыс беретін бөлменің есік, терезелерінің бүтіндігін, бюллетень тұрған сейфтің мөрінің дұрыстығын, телефонның жасап тұрғандығын және т.б. комиссия мүшелерімен қарап, қабылдап алды. Келген байқаушыларды тіркеуді бастады.

image-06-10-24-06-46-2

Референдум учаскесінде комиссия мүшелері, байқаушылардан басқа бөгде адам болған жоқ. 06:10-да учаскелік референдум комиссиясының төрағасы референдум бюллетеньдерін беру үшін жауапты мүшелерін айқындап, жұмыс орындарына отыруларын сұрады.

image-06-10-24-06-46-1

06:15-те комиссия төрағасы мөрлеп бекітілген сейфті ашып, одан референдум бюллетеньдерін шығарып, комиссия мүшелері бюллетеньдерді санап алды. 06:30-да тұрақты және тасымалданатын дауыс беру жәшіктерінің тұтастығын, оларда референдум бюллетеньдерінің бар немесе жоқ екендігін тексерді. Дауыс беруге арналған жәшіктер пломбаланып, Учаскелік референдум комиссиясының дауыс беруге арналған референдум учаскесінің ашықтығы туралы хаттамасын толтырылды.

image-06-10-24-06-46-3

image-06-10-24-06-46-4

Гүлзара Мәди, 

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале