6.10.2024, 7:25
Оқылды: 57

Жаңақалада респубикалық референдум басталды

Бүгін Жаңақала ауданында жалпыхалықтық респуликалық референдумға дауыс беру басталды. № 127 «Қисық–Қамыс» сайлау уческесі 6:00-де ашылып, тұрақты және тасымалданатын жәшіктердің тұтастығы, комиссия комиссияларына сайлау бюллетеньдерінің жеткілікті қойылғаны тексерілді. 

image-06-10-24-07-20-3

Алдымен Қазақстан Республикасының Гимні ойналып, жауапты комиссия мүшелері жарияланды. Жергілікті тұрғындар 7:00-ден бастап заң нормаларында белгіленген тәртіпке сәйкес өз таңдауын жасауды бастап кетті.

image-06-10-24-07-20

Бүгінгі сайлауда алғаш болып өз таңдауын жасаған тұрғын Сәкен Болатұлына сыйлық табыс етілді. Сайлау учаскесінің комиссия төрағасы Марат Болатұлының айтуынша, № 127 сайлау учаскесінде 1292 сайлаушы бар. Үйден  дауыс берушілер саны – 13.

Фариза Махамбетова

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале