6.10.2024, 8:00
Оқылды: 133

Теректі ауданында дауыс беру басталды

Бүгін әр исі қазақ үшін өте маңызды күн деуге болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа арнаған Жолдауында атом электр станциясын салып, салмау жөнінде елмен ақылдасу керектігін айтқан еді. Референдумда талқыға салынып, халықтың өзі шешетін мәселе біздің бірлігімізді көрсетеді. Сол үшін осы уақытқа дейін түсінік берген халықтық штаб мүшелері, үгіт-насихат тобы референдумның мән-мағынасына тоқталып, түрлі кездесулер өткізді. Сырғып өткен уақыт арқылы қазақстандықтар да көптен күткен шешуші кезеңге табан тіреді. 

IMG-20241006-WA0040

Дәл қазір Теректі ауданының №385 учаскесінде референдум басталды. Тұрғындардың дауысы жиналатын тұрақты және тасылмалданатын жәшіктер пломбаланып, 06.50-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні шырқалды. Дауыс берушілер аталған учаскеге таңмен таласа келіп, референдумда алға қойылған сауалға дауыстарын беруді бастап кетті. Теректі ауданының аумақтық референдум комиссиясының мәліметінше, аталған учаске бойынша бойынша 1187 дауыс беруші тізімге енген.

IMG-20241006-WA0041

Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.

Ақтілек Әлібек

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале