БАҚ өкілі болған соң қандай сайлау болмасын, ақпарат беру үшін басы-қасында жүреміз. Саяси науқанға аға буынның асқан жауапкершілікпен қарайтыны белгілі. Ұясынан енді көтерілген күнмен таласып, учаскесіне елден бұрын келетін аға-апаларымыздың бет-әлпетін жаттап та алғандаймыз.
Осындай аға-апаларымыздың арасында сайқындық ерлі-зайыпты Өтегеновтердің жөні бір басқа.
Нұрмұқанбет ағамыз бен Аида апамыз қазақы нақыштағы камзол-шапандарын киіп, сән-салтанатымен келеді. Тарихта қалатын атаулы күнге деген жауапкершіліктері мықты.
Нұрмұқанбет ағамыз есепші боп қызмет етсе, Ағила апамыз пошта қызметінен зейнетке шыққан екен.
Анар Артықбай
Бөкей ордасы