Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі № 636 Жарлығына сәйкес республикалық референдум басталды.
Бөкей ордасы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бекбол Жұмабекұлының айтуынша, аудан бойынша 22 учаске жұмыс жасап тұр. Тізім бойынша 8 844 дауыс беруші тіркелген.
Бәріне мәлім, ҚР-ның 18 жасқа толған әр азаматы елімізге АЭС құрылысын салу жөнінде пікірін білдіруге құқылы.
Учаскелер 07:00-20:00 аралығында жұмыс істейді.
Дауыс беруге келген кезде өзіңізбен бірге қолданыстағы ҚР азаматының паспорты немесе жеке куәлік болуы қажет.
Анар Артықбай
Бөкей ордасы ауданы